443

Tұрғылықты жерін жұмыс орнында тіркеуге рұқсат берілді

Мемлекет өз баспанасы жоқ адамдардың жұмыс орнында тіркелуіне рұқсат етті. Бұл ақпаратты дүйсенбі күні Ішкі істер министрлігі жария етті
Фотография - Tұрғылықты жерін жұмыс орнында тіркеуге рұқсат берілді

Мемлекет өз баспанасы жоқ адамдардың жұмыс орнында тіркелуіне рұқсат етті. Бұл ақпаратты дүйсенбі күні Ішкі істер министрлігі жария етті, деп хабарлады "Жетінші арна".
 

Қазақстандықтар жұмыс орнында тіркеле алады. Полицейлердің айтуынша, бұл тармақ тиісті заңнамаға енгізілген.

- Егер бұрын тіркеусіз тұрып жатқан адамдарға айыппұл ғана көзделген болса, енді енгізілген түзетулермен тіркеусіз 10 күннен 3 айға дейін тұрған адамдарда ескерту қарастырылған. Егер 3 айдан астам уақыт тұрса - айыппұл салынады. Өз баспанасы жоқ адамдар қайткенде де бір жерде тұрады, немесе үй жалдайды - олар есепке тұруы немесе жұмыс орнында тіркелуі тиіс, - деді ІІМ көші-қон полициясы департаментінің визалық жұмыстар басқармасы бастығының орынбасары Дулат Ысқақов.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау органдары тіркелген жері бойынша тұрмайтын қазақстандықтарға айыппұл салуды бастайды.

Сонымен қатар, баспана ұсынған пәтер иелеріне де айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері 10 мың теңгеден аспайды.

Загрузка...