«Нұр Отандықтар» соғыс ардагерлерінің үйінде болып, мерекемен құттықтады

Фотография - «Нұр Отандықтар» соғыс ардагерлерінің үйінде болып, мерекемен құттықтады

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жаңа жыл қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба аясында Қызылорда қаласында тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагерлері Нұралиев Жұбандық және Колесник Любовь Сергеевнаның отбасында болып, мерекесімен құттықтады

460 0

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жаңа жыл қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба аясында Қызылорда қаласында тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагерлері Нұралиев Жұбандық және Колесник Любовь Сергеевнаның отбасында болып, мерекесімен құттықтады. Бұл туралы облыстық филиалдың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Ұлы Отан соғысы ардагерлері бүгінгі Қазақстанның алымды істерін тілге тиек етті. Еліміздің жетістіктерін телеарна арқылы көріп, тұрақтылықты жоғары бағалайтындығын айтып, партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді. 

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы еріктілер жасағының мүшелері ардагерлердің үйін тұрақты аралап, оларға әрдайым қолдау көрсетуде. Жыл ішінде филиал қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлерін жеке - жеке аралап, әлеуметтік картаны жасақтаған болатын. 

Карта барысында оларға қажетті тұрмыстық техника, дәрі - дәрмек және медициналық құралдардың тізімдері алынып, тиісті түрде құрмет көрсетілуде. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?