661

Шымкентте ағаштар бүршік жаруда

Шымкент тұрғындарының жаңажылдық бағдарламаларды көруден басқа тамашалайтын көрінісі бар. Оңтүстік қала үшін желтоқсан айындағы үйреншікті емес ауа температурасының салдарынан жапырақтарын түсіріп үлгермеген ағаштар қайтадан бүршік атып, жасыл түске боялды
Фотография - Шымкентте ағаштар бүршік жаруда

Шымкент тұрғындарының жаңажылдық бағдарламаларды көруден басқа тамашалайтын көрінісі бар. Оңтүстік қала үшін желтоқсан айындағы үйреншікті емес ауа температурасының салдарынан жапырақтарын түсіріп үлгермеген ағаштар қайтадан бүршік атып, жасыл түске боялды, деп жазады "7 арна".

«Ауаның ең жоғары температурасы 14 градус жылылықты көрсеткен, солтүстік аудандарда жеті градусқа дейін жылы болды. Аптаның ішінде және ертең облыс бойынша жауын-шашынсыз күн райы болады деп күтілуде. Болжам бойынша, қаңтар айы аязды болады», - дейді «Қазгидрометтің» ОҚО-дағы филиалының инженер-синоптигі Арайлым Маханова.

Загрузка...