Гуантанамоның 5 тұтқыны Қазақстанға жіберілді

Фотография - Гуантанамоның 5 тұтқыны Қазақстанға жіберілді

АҚШ Гуантанамодағы әскери түрмедегі бес тұтқынды босатып Қазақстанға жіберді.

577 0

АҚШ Гуантанамодағы әскери түрмедегі бес тұтқынды босатып Қазақстанға жіберді.

Олардың үшеуі - Йемен, екеуі Тунис азаматы екені хабарланған. Тұтқындар 10 жылдан аса түрмеде отырған. Қазақстанға жіберілді деп хабарланған адамдар кезінде "әл-Қайда ұйымына қарасты әскери жасақпен байланысы болуы мүмкін" деген күдікпен Пәкістанда ұсталған. 

Жазасын өтеп болған тұтқындар өз елдеріндегі қауіпсіздік мәселесіне орай Қазақстанға жіберілген. Олар жазасын өтеп біткен ондаған тұтқынның бірнешеуі екені хабарланған. 

30 желтоқсандағы Пентагон хабарламасында АҚШ-тың бірнеше үкіметтік ұйымының ұйғарымымен  бес тұтқынның Гуантаномадан әкетілуі «бірауыздан қуатталғаны» айтылған.

Мәліметке қарағанда бұдан басқа Гуантанамо түрмесінде 127 тұтқын отыр. Өткен айда Гуантанамоның бес тұтқыны Грузия мен Словакияға берілген.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?