Алматыда қар тазалауға 500 арнайы техника жұмылдырылды

Фотография - Алматыда қар тазалауға 500 арнайы техника жұмылдырылды

Алматыда мереке күндері түскен қалың қарды тазалауға 496 арнайы техника мен 635 жұмысшы жұмылдырылды. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлады.

513 0

Алматыда мереке күндері түскен қалың қарды тазалауға  496 арнайы техника мен 635 жұмысшы жұмылдырылды. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлады.

«2015 жылдың 2 қаңтарында 23.40-та бастап оңтүстік астанада қалың қар жауды. Қала көшелерін тазалауға  496 арнайы техника мен 635 жұмысшы жұмылдырылып, 2900 тонна құм мен тұз қосындысы себілді», - делінген хабарламада.

Таңертеңгі 8.00-ден бастап таулы аудандарда қар тазалау жұмыстары басталды.

Аудандық әкімдіктерде мейрам күндері  жауапты тұлғалар тәулік бойы кезекшілік етуде.

4 қаңтарда Алматыда жауын-шашын күтілмейді деп болжауда «Қазгидромет» РМК.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?