Зайсан ауданында екі балабақша ашылды

Фотография - Зайсан ауданында екі балабақша ашылды

Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында екі бірдей балабақша ашылып, ел-жұртты ерекше қуанышқа кенелтті.

521 0

Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында екі бірдей балабақша ашылып, ел-жұртты ерекше қуанышқа кенелтті.

«Ертөстік» балғындар үйінің құрылысына республикалық бюджеттен 321 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл нысан мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы арқылы жүзеге асып отыр. Ал аудандық бюджет есебінен жөндеуден өтіп жаңаша жаңғыртылған ғимаратта «Балдәурен» атты мектепке дейінгі мекеме бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Зайсан тұрғындары үшін жаңа жыл жағымды жаңалықтармен басталды. Мекере қарсаңында ауданда жаңа мектеп-интернат халық игілігіне берілсе, енді міне балабақша ашылды. 140 бүлдіршінге арналған мекеме заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Мұнда баланың ой-өрісінің дамуына барлық жағдай жасалғанынан ата-аналар дән риза. Балабақшада 40 маман еңбек етеді. 2-3 жас аралықтарындағы балғындар 6 топқа бөлінген. Ауданда балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тауып келеді. Зайсанда осыдан 5 жыл бұрын 3 балабақша ғана болса, қазір оның саны 11-ге жеткен. Жалпы еліміз бойынша Шығыс Қазақстан облысы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуде алдыңғы шепте келеді. Мамандардың айтуынша, алдағы бір-екі жылда аймақта балабақшадағы орын тапшылығы жойылады


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?