574

Демалыс күндері жалпы 2 934 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Жаңажылдық мейрам кезеңінде елордалық ІІД қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.
Фотография - Демалыс күндері жалпы 2 934 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Жаңажылдық мейрам кезеңінде елордалық ІІД қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.

Ішкі істер департаменті мәліметіне қарағанда, қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде қаладағы ахуал тұрақты болды.

«Астанада тәулік бойғы тәртіпте ІІД-нің Жедел басқару орталығының 700-ге тарта бейне бақылау камералары жұмыс істеуде. Олардың көмегімен 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық пен 200-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері анықталды»,-делінген ІІД-нің «ҚазАқпарат» сауалына жіберген жауабында.

Жаңажылдық демалыс күндері жалпы 2 934 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның көбісі бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерге масайған күйінде жүру, адамдардың мазасын алу секілді фактілер.

Мұнымен қоса, мейрам күндері жол-патрульдік полиция қызметкерлері елордада 900-ге тарта әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Көлікті мас күйінде басқарған 44 жүргізуші ұсталды. Әкімшілік жауапкершілікке ұялы телефонды пайдаланған 52 жүргізуші, жылдамдықты шамадан тыс асырған - 49, қауіпсіздік белдігін тақпаған - 63 жүргізуші тартылды, сондай-ақ жол жүру ережесін бұзған 100-ден астам жаяу жүргінші  жазаланды. 

 

Загрузка...