Талдықорған тұрғыны тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Фотография - Талдықорған тұрғыны тірі екенін дәлелдей алмай жүр

340 0

Талдықорған қаласының тұрғыны Мұрзатай Қыдыркешев тірі екенін дәлелдей алмай жүр. Өзінің 19 жыл бұрын қайтыс болып кеткенін тек былтыр білген. 

Содан бері бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған. Бірақ, бар екенін, өмір сүріп жатқанын растап беруге ешбір органның құлқы жоқ. Арызданушының шағымы былтыр эфирден де көрсетілген.

Талдықорғандық Мұрзатай Қыдыркешевтың арызынан еш нәтиже жоқ. Өлілердің қатарында 1996 жылдан бері тіркеліп келеді. Ал, құзырлы орган өкілдері болса, қылмыстық іс қозғаудың орнына жәбірленушінің өзіне дөрекілік танытқан.

Арызданушы құжат бойынша, Алматы-Өскемен тас жолында жол апатынан көз жұмды деп көрсетілген. Алайда, сол актының нөмірімен жерлеу бюросында өзге азамат тіркеліпті. Өз ісіне салғырт қараған жауапты мекемелер енді келіп, бір-біріне сілтеуде. Қазір бұл іспен тек прокуратура ғана айналысып жатыр.

Осылайша құзырлы мекеме өкілі істің жақын күндері аяқталып, оң шешімін табатынын жеткізді. Ал, өлі ретінде тіркелген азамат, олардың бұл сөздеріне сенбейді. Себебі, уәде беріп келгендеріне бірнеше айдың жүзі болыпты.

Мұрзатай Қыдыркешов тек өз құжаттарын қайта рәсімдеп, өлілердің қатарынан алып тастауын сұрайды. Кезінде жұмыстарына салғырттықпен қараған жандардың салдарынан, бүгінде оның денсаулығына залал келген. Ал, моральдық және материалдық шығынды кім өтеп беретіні тіптен белгісіз. Азаматтың ендігі бар үміті жоғарғы жақтағы шенділерде.

 

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?