Такси парктері көліктерін балалардың арнайы орындықтарымен жабдықтауға кірісіп жатыр

Фотография - Такси парктері көліктерін балалардың арнайы орындықтарымен жабдықтауға кірісіп жатыр

Жаңа жол жүру ережесіне сәйкес такси көліктерінде балалардың арнайы орындықтарын алып жүру міндеттеледі.

505 0

Жаңа жол жүру ережесіне сәйкес такси көліктерінде балалардың арнайы орындықтарын алып жүру міндеттеледі.

Жалпы алғанда, такси парктерінің басшылығы көліктерін балаларға арналған арнайы орындықтармен жабдықтауға кірісетіндігін айтуда. Ал көшедегі жеке такси жүргізушілерінің кейбірі көліктерде аталған орындықтарды орнату қажет емес деген де пікір білдіреді.

 Астанадағы  «Жолбарыс» такси паркінің басшысы Сейілхан Запенұлы көліктерді балалар орындықтарымен әлі толық жабдықтап үлгермегенін атап өтті. «Біз қазіргі кезде бұл мәселемен айналысудамыз. Яғни, орындықтарды көліктерге біржола сатып алуды зерделеп жатырмыз»,-дейді ол.

Ал «City» такси паркінің әкімшісі Әлия Ордабаеваның айтуынша, парктегі 70 көлікті балалар орындықтарымен жабдықтау жүріп жатыр. «Әзірге, жүргізушілер тарапынан наразылық болған жоқ. Бұл бірінші кезекте балалар қауіпсіздігіне байланысты ғой»,-деп атап өтті әкімші.

Бұдан бөлек, өзін Азамат деп таныстырған жеке такси жүргізушісі аталған орындықтарды орнатқанша, көшелерде жылдамдық өлшегіш құралдарды көптеп орнату керектігін, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің санын арттыру қажеттігін айтты. Оның пайымынша, жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс асырмаса, сол кезде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. «Жол апатының барлығы көліктердің жылдамдық талаптарын сақтамауынан болады. Мәселен, қалада көп балалар мектепке, түрлі үйірмелерге таксимен барады. Менің ойымша, енді такси жүргізушілері балаларды отырғызудан бас тартуы мүмкін. Сонымен қатар таксимен жүру құны да қымбаттауы  ықтимал»,-деп түйді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Қанат Сәдуақасов  таксиде міндетті түрде балалардың арнайы орындықтары болуы тиіс екендігін, бұл тұрғыда бірінші кезекті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беріліп отырғандығын атап өтті. Осы орайда басқарма басшысы такси жүргізушісі аталған орындықтарды көліктің жүк салғышында үнемі бірге алып жүруі тиіс екенін жеткізді. Қажет болған жағдайда оны көлік салонында орнатуға міндетті болады.«Балаларды көлік ішінде қолда ұстап отыру қауіпті. Мәселен, сағатына 50 шақырым жылдамдықпен орын алған жол-көлік апаты кезінде баланың салмағы 30 есеге артады. Егер баланың салмағы он келі болса, ЖКО кезіндегі соқтығысу сәтінде ол 300 келіге жетеді. Осындай жағдайда баланың аман қалуы екіталай. Немесе бала көліктің терезесінен ұшып кетуі мүмкін. Сондықтан автоорындықтар қауіпсіздік үшін өте қажет», - деді ол.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?