479

Алматыда бірқатар көше тұрғындары сусыз қалды

Бүгін Алматыда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірқатар көше тұрғындары суық сусыз қалды. Бұл туралы «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметінен хабарлады.
Фотография - Алматыда бірқатар көше тұрғындары сусыз қалды

Бүгін Алматыда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірқатар көше тұрғындары суық сусыз қалды. Бұл туралы «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Бүгін Алматы қаласының оңтүстігінде орналасқан «Алатау» совхозы аумағында таңғы сағат 9-дан 12:00-ге дейін Самал, Бейбітшілік, Тәуелсіздік, Байтерек, Мирас, Өтегенов, Ақтерек, Ақжазық, Достық, Әсемтау көшелерінде орналасқан жеке тұрғын үйлерде уақытша суық су тоқтатылды. Сонымен қатар, таңғы сағат 09:30-дан 16:00-ге дейін 13-ші әскери қалашықтың тұтынушылары және №22-ші тұрғын үйде де суық су өшіріледі. Бұған қоса, бүгін таңғы сағат 09:30-дан бастап, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталғанша Чойбалсан, Әзізбеков және Качалов көшелерінде тұратын тұрғындар да суық сусыз қалады», делінген хабарламада. 

ҚазАқпарат

Загрузка...