494

Павлодар облысында әлеуметтік нанның бағасы үш жылдан бері 49 теңгеден асқан жоқ

Желтоқсан айының соңына қарай Қазақстанның барлық аймақтарында күтілгендей азық-түлік бағасы өсіп кетті
Фотография - Павлодар облысында әлеуметтік нанның бағасы үш жылдан бері 49 теңгеден асқан жоқ

Желтоқсан айының соңына қарай Қазақстанның барлық аймақтарында күтілгендей азық-түлік бағасы өсіп кетті. Қарапайым тұрғындардың сөзіне қарағанда баға саясаты жергілікті органдармен реттелетін әлеуметтік дүкендерде ғана бағалар тұрақтап қалған. 

Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылдың ақпан айында теңге бағамына түзету жасалғаннан кейін респуликаның барлық облыстарында  қаржылық нарықта, азық-түлік және өзге де тауарлардың бағасын реттейтін арнайы топтар құрылған болатын.

Павлодар облысының әкімдігінен Today.kz агенттігіне хабарлағандай, мұнда ондай топтың бірден үшеуі құрылған. Облыс аумағындағы қалалар мен аудандардағы 350 сауда нысандарына мониторинг жүргізілді.

Инфляциялық үдерістерге сараптама жүргізу және бағалардың өсуі мен құлдырауын болжау тобының құрамына облыс әкімдігінің өкілдері, ауылщаруашылығы басқармаларының, кәсіпкерліктердің, сауда мен туризм, монополияға қарсы инспекцияның, сатистика департаментінің жетекшілері кірді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта облыс аумағында 202 әлеуметтік сауда нүктесі жұмыс атқаруда. Олардың әрбірінің жетекшісімен әлеуметтік маңызды азық-түлік түріне  бағаны 10%-дан артық өсірмеу туралы келісім жасалған. Мысалға, желтоқсан айында мұндай дүкендерде Қазақстан бойынша бағасы тым қатты көтеріліп кеткен қарақұмық 200 теңге, картоптың килограмы – 70 теңге, сиыр еті – 900 теңге болған.

Әкімдіктегілердің айтуынша, әлеуметтік нанды өндіру мәселесі ерекше орында. 2014 жылы қол қойылған меморандум бойынша Павлодар облысына 28432,3 тонна бидай, соның ішінде 8939,8 тоннасы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ мен 19492,5 тоннасы коммерциялық қорлардан бөлінген болатын.

Бидай өңдеу кәсіпорындарына коммерциялық бидайды сатып алуға республикалық бюджеттен облысқа 267,047 млн теңге бөлінген болатын.

Соңғы үш жыл бойына пішінді нанның бағасы тұрақты тұр. Қазіргі кезде оның бағасы килограмына 84 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, әкімдіктегілер жеке кәсіпкерлердің келісіп алып бағаны өсіру фактілері тіркелмегендігін айтады.

Ал өнім сапасын қалалар мен аудандардың әкімдіктері қадағалайды. Әлеуметтік нанды өндіруге сапасы құжатпен бекітілген 1 сұрыпты ұн қолданылатынын атап өтті облыс әкімдігінен.

Загрузка...