Ақмола облысында жолда қалған 18 қырғызстандық азамат құтқарылды

Фотография - Ақмола облысында жолда қалған 18 қырғызстандық азамат құтқарылды

Атбасар ауданы арқылы өтетін "Алматы-Екатеринбург" күре жолының бойында істен шыққан шағын автобустағы қырғыз азаматтары қауіпсіз жерлерге көшірілді

377 0

Атбасар ауданы арқылы өтетін "Алматы-Екатеринбург" күре жолының бойында істен шыққан шағын автобустағы қырғыз азаматтары қауіпсіз жерлерге көшірілді. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

ТЖД мәліметі бойынша қаңтардың 11-і күні "Алматы-Екатеринбург" күре жолының 986 шақырымында жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус істен шыққан. Құтқару жұмыстарына "Жолаушылар тасымалы" МКК-ның жеке құрамынан 2 адам және 1 техника тартылды.

18 жолаушы Атбасар қаласындағы қонақүйге жайғастырылды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?