ҚР ІІМ өкілі автокресло мәселесін түсіндіріп берді

Фотография - ҚР ІІМ өкілі автокресло мәселесін түсіндіріп берді

Бұған дейін хабарланғандай, баланың бойы 1 метр 35 см, салмағы 36 келіден асса, онда оған ешқандай автокреслоның қажеті жоқ. Сондай-ақ, жол полиция қызметкерлері баланың туу туралы куәлігін де сұрамайды

573 0

 Бұған дейін хабарланғандай, баланың бойы 1 метр 35 см, салмағы 36 келіден асса, онда оған ешқандай автокреслоның қажеті жоқ. Сондай-ақ, жол полиция қызметкерлері баланың туу туралы куәлігін де сұрамайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті. 

– Қазақстан БҰҰ-ның бала құқықтары туралы Конвенцияға мүше екенін білесіздер. Мемлекет қандайда бір халықаралық құжатқа қосылса, сол халықаралық құжаттағы нормаларды орындауы керек. Сондықтан, біз ол ережелерді ұлттық заңнамамызға енгізуге міндеттіміз. Конвенцияға сәйкес, балаларды жол апаттарынан сақтау мақсатында осындай қадамға барып отырмыз. Құжатта міндетті түрде автокресло деп жазылмаған. Бұқаралық ақпарат құралдары соңғы күндері тек қымбат автокресло туралы ғана айтып жүр. Бұл жерде балаларды ұстап тұратын құрылғылар деп көрсетілген. Автокресло сондай құрылғылардың бір түрі ғана. Ал, одан дөзге де бектіу құрылғылары бар екені туралы жазылмай отыр. Жаңа заңға сәйкес, 12 жасқа толмаған балаларға қорғаныш белбеуін тағып жүру міндеттелді. Баланың бойы 1 метр 35 см, салмағы 36 келі болса онда оған ешқандай автокреслоның қажеті жоқ. Туу туралы куәлігін де ешкім сұрамайды. Тек қауіпсіздік белдемшелерін тағуға міндетті. Мұндай белдемшелер Ресейде 30 рубль тұрады. Қазақстанда 1000 теңгеден аспауы керек, - дейді Игорь Лепаха.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?