Қостанай облысында адамдарға шабуылдамақ болған сілеусін атылды

Фотография - Қостанай облысында адамдарға шабуылдамақ болған сілеусін атылды

Қостанай облысы Қарасу ауданында Қарамырза ауылына кіріп кеткен сілеусіннің көзі жойылды. Бұл туралы жергілікті «Қарасу өңірі» газетінен хабарлады.

577 0

Қостанай облысы Қарасу ауданында Қарамырза ауылына кіріп кеткен сілеусіннің көзі жойылды. Бұл туралы жергілікті «Қарасу өңірі» газетінен хабарлады.

Куәгерлер журналистерге бұл жануар алдымен аула итіне, кейін адамға - «Рамазан-Қарасу» ЖШС көлік ауласының күзетшісіне шабуыл жасамақ болғанын хабарлаған.

Күзетші басқаларды көмекке шақырғанда сілеусін ауладағы жүк көліктердің бірінің астына жасырынып қалған. Кейін ол оқиға орнына шақырылған аңшыларға да шабуылдауға әрекеттенген. Адамдарға қауіп төндірген жануарды ату туралы шешім қабылданды.

Сілеусін қазақ даласына Ресейдің Қазақстанмен шекаралас орман аймағынан келіп, адасып қалған соң елді мекенге кіріп, өзіне азық іздеген болар, деген жорамалдар жасалуда.

Өлтірілген жануардың денесі аудан орталығына жіберілді. Оны аудандық мұражайға қою үшін таксидермия үрдісінен өткізуі мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?