513

Алматыда Ішкі әскердің құралған күні атап өтілді (сурет)

Бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мәртебесін иеленіп отырған ішкі әскерлердің құрылғанына 23 жыл толды. Атаулы датаға байланысты салтанатты шара Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында ұйымдастырылды.
Фотография - Алматыда Ішкі әскердің құралған күні атап өтілді (сурет)

Бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мәртебесін иеленіп отырған ішкі әскерлердің құрылғанына 23 жыл толды. Атаулы датаға байланысты салтанатты шара Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында ұйымдастырылды.

Оған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбеков, қоғам қайраткері Әділ Несіпбаев, Ұлы Отан соғысының, ішкі әскердің ардагерлері, мемлекеттік басқару органдарының өкілдері қатысты. Ардагерлерге «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық бірлестігі тағайындаған медальдар табыс етілді. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Естеріңізге салсақ, 1992 жылы 10 қаңтарда Президент Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері өткен жылдың жылдың 21 сәуірінде Ұлттық ұлан болып қайта құрылды.

 

Загрузка...