KFC дәмханасынан 5 млн. теңге бопсалаған азамат кемiнде 7 жылға сотталуы ықтимал

Фотография - KFC дәмханасынан 5 млн. теңге бопсалаған азамат кемiнде 7 жылға сотталуы ықтимал

KFC дәмханасынан 5 млн. теңге бопсалаған азамат кемiнде 7 жылға сотталуы ықтимал. Бұл туралы «Caspian International Restaurants сompany» компаниясының соттағы мүддесiн қорғап жүрген заңгер Асқар Қаймақов мәлiм еттi.

573 0

KFC дәмханасынан 5 млн. теңге бопсалаған азамат кемiнде 7 жылға сотталуы ықтимал. Бұл туралы «Caspian International Restaurants сompany» компаниясының соттағы мүддесiн қорғап жүрген заңгер Асқар Қаймақов мәлiм еттi. 

«Былтыр қазан айында белгiсiз бiреу «Caspian International Restaurants сompany» компаниясының электронды поштасына анонимдiк хат жiберген. Онда ол KFC брендiне қатысты жағымсыз ақпаратты таратпау үшiн 5 млн. теңге қаржы талап еткен. Компания аталған фактi бойынша ҚР IIМ-не арызданды», - дейдi А. Қаймақов. 

Оның сөзiне қарағанда, ҚР IIМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы осы оиғаға қатысы бар деген күдiкпен С есiмдi азаматты ұстады. Оған қатысты Қылмыстық Кодекстiң 181-бабы 4-бөлiмi бойынша ауыр қылмыс жасады деген айыппен қылмыстық iс қозғалды», - дедi ол. 

«Ол интернетте компанияның атына кiр келтiретiн, жағымсыз фотосуреттер немесе өзге де суреттер жариялағаны дәлелденген жоқ. Тергеу бопсалау бойынша дәлелдердi толық жинады және осы факт бойынша ғана айып тағылды. Ол кейбiр фотоларды қолдан жасап, оған 5 млн. теңге көлемiнде төлемақы сұраған», - дейдi заңгер. 

А. Қаймақовтың сөзiне қарағанда бұл қылмыс түрi ауыр қылмыстарға жатады. «Ол бұрын iстi болмағанын және қоғамда жағымды кiсi ретiнде көрiнгендiктен, аталған бап бойынша ең төмен санкция 7 жылға дейiн бас бостандығынан айыру болып табылады», - деп атап өттi ол.  

Айта кетейiк, қазiргi уақытта iс Астанадағы ауданаралық мамандандырылған сотында қаралуда. 

 


Тегтер:

сотталды KFC

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?