Ішкі істер министрлігі «пропискаға» қатысты құпияны ашты

Фотография - Ішкі істер министрлігі «пропискаға» қатысты құпияны ашты

485 0

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха азаматтарды тіркеуге қатысты пікірін білдірді. 

«Бұл тақырыпқа көші-қон полициясы жауапты болса да, тоқталып өтейін. Ия, қазір «егер азаматтың тіркеуі басқа мекен-жайда, ал, тұрып жатқан жері басқа болса, әкімшілік жазаға тартылады» деген норма бар. Бірақ, мен Сіздерге бір құпияны ашайын: бұл ереже бұрыннан, яғни, әкімшілік құқық бұзушылық туралы бұрынғы кодексте де бар. Бірақ, оны ешкім байқамаған. Енді келіп, жаңа кодекстің сол пунктін оқып қалғандар оны «жаңалық» қылып жүр»,-дейді Лепеха.
«Бүгінгі таңда тек бір жағдайға өзгеріс енгізілді. Егер мен пәтеріме 5-6 адамды тіркеуге қойсам, бірақ, олардың тұрғылықты жері басқа жақта болса, мен пәтер иесі ретінде жауапкершілікке тартыламын. Алматы мен Астана қалаларында пәтеріне 80 адамнан тіркеп алатын азаматтар үшін, әрине, бұл жаңалық. Бұл ережені қазір енгізілген өзгеріс деп айтуға болады. Ал, басқа пәтерге тіркеліп, бірақ мүлде басқа мекенжайда тұрып жатқандарға қатысты ереже сол қалпында қалды»,-деп түсіндірді ол.

 

BNews.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?