716

Қоқыс алаңдары жекешелендірілмек

Солтүстік Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтар алаңдары жекешелендірілмек.
Фотография - Қоқыс алаңдары жекешелендірілмек

Солтүстік Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтар алаңдары жекешелендірілмек. Бұл жұмыстарды Табиғатты қорғау прокурорлары мен шенеуніктер бірлесе жүргізбек. Өйткені өңірде күл-қоқыс мәселесі өткір тұр. Қадағалаушы орган қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі таңда 600-ге жуық алаңның 10-ы ғана заңдастырылған.  Қоршаған ортаны таза ұстауға тұрғындарды айтпағанда, шенеуніктердің өздері салғырт қарайтын көрінеді. Мәселен, өткен жылы осыған жол берген 11 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, бас-аяғы 350 мың теңге айыппұл салынды.  Айдос Кенбейілов, СҚО Табиғатты қорғау прокурорының аға көмекшісі -Тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын алаңдарды жергілікті атқарушы орган өз бақылауына алу керек. Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен оларды жекешелендіру жағын қарастырып жатырмыз. Бұл жұмысты мемлекет тарапынан қаржыландыру қажет. 
Хабар

Загрузка...