626

Жаңа кедендік тариф Қырғызстан кәсіпкерлерін тығырыққа тіреді

Осы күндері қырғыз кәсіпкерлерінің салы суға кетіп отыр. Себебі 2015 жылдан бастап, сырттан келетін көліктерге жаңа кедендік тариф енгізілді. Бұндай өзгерістің орын алатыны жайында алдын-ала айтылған болатын.
Фотография - Жаңа кедендік тариф Қырғызстан кәсіпкерлерін тығырыққа тіреді

Осы күндері қырғыз кәсіпкерлерінің салы суға кетіп отыр. Себебі 2015 жылдан бастап, сырттан келетін көліктерге жаңа кедендік тариф енгізілді. Бұндай өзгерістің орын алатыны жайында алдын-ала айтылған болатын. Бірақ елдегі 500-ге жуық кәсіпкер белгіленген уақытқа дейін көліктерін кіргізіп үлгермеді. Енді кіргізейін десе қымбат, ал қайтарайын десе қарыз бар. Осыған орай олар аталмыш мерзімді ұзартуды сұрап отыр. Әйтпесе өз-өздерін өртеп жіберуге дайын. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұрын 2003 жылғы қозғалтқышының көлемі 2 мың куб сантиметр болатын темір тұлпарларды кедендік рәсімдеу бағасы 800 доллар болатын. Қазір ол 5200-ге көтерілді.

Нұрбек Тұрсынбаев, Қырғызстан автотасымалдаушылары ассоциациясының төрағасы - Кедендік рәсімдеу құны тым қатты шарықтап кетті. Қанша жерден кәсіпкер болса да, олар оны төлеуге қауқарсыз. Енді түгелдей тығырыққа тіреліп отыр. Кейбірі өз үйлерін кепілдікке қойып, аса үлкен көлемде несие алған болатын. Қалай қайтарады? Көліктерін уақытында өткізе алмаған кәсіпкерлер оған үкіметті кінәлайды. Өйткені қағазбастылық өте көп, тауарды ұзақ тексереді. Басты кедергі – Қырғызстан жүргізуші куәлігінде жарамдылық мерзімнің болмауы. Соның салдарынан сырт елдерде көлік толы контейнерлерді бірталай ұстайды. Алайда билікте отырғандар барлығына үлгеретін уақыт оларда болды деп дес берер емес. Себебі кедендік тарифтің өсетіні жайындағы әңгіме өткен жылдың күзінде қозғалды.

Темір Сариев, Қырғызстан экономика және монополияға қарсы саясат министрі - Бізде екі нұсқа болды. Біріншісі, бағаны белгілі бір уақыттан кейін бірден өсіріп жіберу. Екіншісі, оны кезең-кезеңімен арттыру. Әрине, кейінгісіне тоқталуды жөн көрдік. Өйткені қазір Кеден одағындағы Қазақстан не Ресейдегі құнды бірден қояр болсақ, онда халықтың қалтасы көтермейді. Бұл кедендік тарифтің өсуіне орай Қырғызстан кәсіпкерлері көтеріп отырған бірінші дау емес. Осының алдында да дәл бұндай жағдайлар көп болды.

Хабар

Осы күндері қырғыз кәсіпкерлерінің салы суға кетіп отыр. Себебі 2015 жылдан бастап, сырттан келетін көліктерге жаңа кедендік тариф енгізілді. Бұндай өзгерістің орын алатыны жайында алдын-ала айтылған болатын. Бірақ елдегі 500-ге жуық кәсіпкер белгіленген уақытқа дейін көліктерін кіргізіп үлгермеді. Енді кіргізейін десе қымбат, ал қайтарайын десе қарыз бар. Осыған орай олар аталмыш мерзімді ұзартуды сұрап отыр. Әйтпесе өз-өздерін өртеп жіберуге дайын. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұрын 2003 жылғы қозғалтқышының көлемі 2 мың куб сантиметр болатын темір тұлпарларды кедендік рәсімдеу бағасы 800 доллар болатын. Қазір ол 5200-ге көтерілді. Нұрбек Тұрсынбаев, Қырғызстан автотасымалдаушылары ассоциациясының төрағасы - Кедендік рәсімдеу құны тым қатты шарықтап кетті. Қанша жерден кәсіпкер болса да, олар оны төлеуге қауқарсыз. Енді түгелдей тығырыққа тіреліп отыр. Кейбірі өз үйлерін кепілдікке қойып, аса үлкен көлемде несие алған болатын. Қалай қайтарады? Көліктерін уақытында өткізе алмаған кәсіпкерлер оған үкіметті кінәлайды. Өйткені қағазбастылық өте көп, тауарды ұзақ тексереді. Басты кедергі – Қырғызстан жүргізуші куәлігінде жарамдылық мерзімнің болмауы. Соның салдарынан сырт елдерде көлік толы контейнерлерді бірталай ұстайды. Алайда билікте отырғандар барлығына үлгеретін уақыт оларда болды деп дес берер емес. Себебі кедендік тарифтің өсетіні жайындағы әңгіме өткен жылдың күзінде қозғалды. Темір Сариев, Қырғызстан экономика және монополияға қарсы саясат министрі - Бізде екі нұсқа болды. Біріншісі, бағаны белгілі бір уақыттан кейін бірден өсіріп жіберу. Екіншісі, оны кезең-кезеңімен арттыру. Әрине, кейінгісіне тоқталуды жөн көрдік. Өйткені қазір Кеден одағындағы Қазақстан не Ресейдегі құнды бірден қояр болсақ, онда халықтың қалтасы көтермейді. Бұл кедендік тарифтің өсуіне орай Қырғызстан кәсіпкерлері көтеріп отырған бірінші дау емес. Осының алдында да дәл бұндай жағдайлар көп болды.

Источник: http://khabar.kz/kz/zha-aly-tar-50/lemde/item/10169-zha-a-kedendik-tarif-yr-yzstan-k-sipkerlerin-ty-yry-a-tiredi
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz

Загрузка...