Астанада Дүниежүзілік қар күніне орай шаңғы жарысы өтеді

Фотография - Астанада Дүниежүзілік қар күніне орай шаңғы жарысы өтеді

18 қаңтарда «Астаналық» саябағындағы Астананың шаңғыроллерлік трассасында Дүниежүзілік қар күні (World Snow Day) атап өтілмек.

467 0

18 қаңтарда «Астаналық» саябағындағы Астананың шаңғыроллерлік трассасында Дүниежүзілік қар күні (World Snow Day) атап өтілмек.

- Астанадағы шаңғы мерекесіне Қазақстанның көптеген қалаларынан әр түрлі жастағы қатысушылар келеді. Біз мектеп оқушыларына ғана емес, бүлдіршіндер үшін де жарыстар ұйымдастырдық. Балалар спринтіне кішкентай балалар қатыса алады, - дейді «Халықаралық шаңғы жарысы федерациясының» баспасөз хатшысы Александр Велещук.

Жарыс жеңімпаздарын шаңғы жарысынан Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов пен Олимпиада ойындарының жүлдегері Иван Гаранин марапаттайды.

Қатысушыларды тіркеу сағат 11:00-де басталады. Тіркеуден өту үшін қатысушының жеке басы мен жасын куәландыратын құжаты болу керек. Жарысқа қатысқысы келетіндер 17 қаңтарға дейін Халықаралық шаңғы жарысы федерациясында алдын ала тіркеуден өтулері керек, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?