405

Қызылордада жылу бағасы арзандады

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтардан бастап «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК тұтынушыларына жылу тарифы 3,6 пайызға төмендегенін хабарлады.
Фотография - Қызылордада жылу бағасы арзандады

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтардан бастап «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК тұтынушыларына жылу тарифы 3,6 пайызға төмендегенін хабарлады. 

Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы  департамент директоры Нұрлан Пірімовтың мәлімдеуінше, тарифтің төмендеуі уақытша өтемдік тарифтің 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылуында болып отыр. Егер бұған дейін тұтынушылар үшін тариф шаршы метріне ҚҚС-ты қоса есептегенде 85,1 теңге болса, енді шаршы метріне 82,03 теңге немесе ҚҚС-ты қоса есептегенде 1 Гкал үшін 2848,13 теңге төлейтін болады. 

Өзге де тұтынушылар үшін орташа есеппен тариф 3,6 пайызға төмендеп отыр. 

ҚазАқпарат

Загрузка...