Астанамен іргелес аймақта этноауыл салынады

Фотография - Астанамен іргелес аймақта этноауыл салынады

Енді көп ұзамай Астанамен іргелес жатқан аймақта ұлттық салт-дәстүріміз бен құнды мәдени мұрамыздан сыр шертетін этноауыл салынады.

583 0

Енді көп ұзамай Астанамен іргелес жатқан аймақта ұлттық салт-дәстүріміз бен құнды мәдени мұрамыздан сыр шертетін этноауыл салынады.

Құрылыс жұмыстары наурыз айында басталып, бірегей нысан «Экспо-2017» көрмесі қарсаңында ашылмақ. Аумағы 30 гектар алқапта таза ағаштан бәйтерек, дулыға, сәукеле пішіндес үйлер тұрғызылады. Онда келген қонақтар үшін экскурсия жасалып, 2 күн ішінде Қазақстан туралы кеңінен мәлімет берілмек. Сонымен қатар туристер ұлттық тағам мен сусын дайындаудың әдісін үйрене алады. Аңшылық пен саятшылық құру тәсілі де таныстырылмақ. Кешен іске қосылған кезде 100-ден астам адам жұмыспен қамтылады. Юрий Никитенко, құрылыс компаниясының директоры -2012 жылы Елбасы Астана қаласы мен қапталдас жатқан елді-мекендерде этноауыл салуды ұсынды. Біз жоба жасап, қаржылай қолдайтын инвесторлар таптық. Жобаның бірінші кезеңіне 30 миллион доллар кетеді. Экспо көрмесі ашылғанға дейін жасап бітеміз. Сонан соң жобаны одан әрі жалғастыру жоспарда бар.

 

khabar.kz сайтынан

Енді көп ұзамай Астанамен іргелес жатқан аймақта ұлттық салт-дәстүріміз бен құнды мәдени мұрамыздан сыр шертетін этноауыл салынады. Құрылыс жұмыстары наурыз айында басталып, бірегей нысан «Экспо-2017» көрмесі қарсаңында ашылмақ. Аумағы 30 гектар алқапта таза ағаштан бәйтерек, дулыға, сәукеле пішіндес үйлер тұрғызылады. Онда келген қонақтар үшін экскурсия жасалып, 2 күн ішінде Қазақстан туралы кеңінен мәлімет берілмек. Сонымен қатар туристер ұлттық тағам мен сусын дайындаудың әдісін үйрене алады. Аңшылық пен саятшылық құру тәсілі де таныстырылмақ. Кешен іске қосылған кезде 100-ден астам адам жұмыспен қамтылады. Юрий Никитенко, құрылыс компаниясының директоры -2012 жылы Елбасы Астана қаласы мен қапталдас жатқан елді-мекендерде этноауыл салуды ұсынды. Біз жоба жасап, қаржылай қолдайтын инвесторлар таптық. Жобаның бірінші кезеңіне 30 миллион доллар кетеді. Экспо көрмесі ашылғанға дейін жасап бітеміз. Сонан соң жобаны одан әрі жалғастыру жоспарда бар.

Источник: http://khabar.kz/kz/zha-aly-tar-50/o-am/item/10525-astanamen-irgeles-ajma-ta-etnoauyl-salynady
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz

Тегтер:

этноауыл

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?