Астанада Дүниежүзілік қар күні атап өтіледі

Фотография - Астанада Дүниежүзілік қар күні атап өтіледі

18 қаңтарда «Астаналық» саябағындағы Астананың шаңғыроллерлік трассасында Дүниежүзілік қар күні (World Snow Day) атап өтілмекші, деп хабарланады елорданың ресми сайтында.

553 0

18 қаңтарда «Астаналық» саябағындағы Астананың шаңғыроллерлік трассасында Дүниежүзілік қар күні (World Snow Day)  атап өтілмекші, деп хабарланады елорданың ресми сайтында. 

"Астанадағы шаңғы мерекесіне Қазақстанның көптеген қалаларынан әр түрлі жастағы қатысушылар келеді. Біз мектеп оқушыларына ғана емес, бүлдіршіндер үшін де жарыстар ұйымдастырдық. Балалар спринтіне бір жастан бес жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Олар шаңғымен 18 метр қашықтықты бағындыруы қажет", - дейді «Халықаралық шаңғы жарысы федерациясының» баспасөз хатшысы Александр Велещук. 

Жарыс жеңімпаздарына қолдау көрсетіп, марапаттайтын - шаңғы жарысы бойынша олимпиада чемпионы Владимир Смирнов пен Олимпиада ойындарының жүлдегері Иван Гаранин, - делінген vechastana.kz сайтында. Жарысқа 1997-2015 жылдар аралығында туылған ұлдар мен қыздар қатыса алады. Қатысушыларды тіркеу 11:00-де басталады. Тіркеуден өту үшін қатысушының тұлғасы мен жасын куәландыратын құжаты болу керек. 2000 жылғылар мен одан үлкендерге дәрігер анықтамасы талап етіледі, сондай-ақ 17 қаңтарға дейін Халықаралық шаңғы жарысы федерациясында алдын ала тіркеуден өтуі қажет.

 

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?