Алматы облысында «Вокзал-сервис» АҚ филиалының директоры сотталғанына қарамастан қызметінен босатылмады

Фотография - Алматы облысында «Вокзал-сервис» АҚ филиалының директоры сотталғанына қарамастан қызметінен босатылмады

«Вокзал-сервис» АҚ оңтүстік аймақтық филиалының директоры қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін сотталғанымен, лауазымды қызметінен босатылған жоқ.

474 0

«Вокзал-сервис» АҚ оңтүстік аймақтық филиалының директоры қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін сотталғанымен, лауазымды қызметінен босатылған жоқ. 

Жетісу аудандық сотының үкімінде жазылғандай, «Вокзал-сервис» АҚ филиалының директоры мердігер компания Алматы-2 сапаржайындағы күрделі жөндеу жұмыстары толық көлемде аяқтамағанын біле тұра, актілерге қол қойып, төлем төлену үшін құжаттарды филиалының бухгалтериясына тапсырған.

Мердігер «Универсал строй ЛТД» компаниясы болды. Келісімшарт сомасы 72 801 792 теңгені құрады. Қол қойылған құжаттарға сәйкес фирманың есепшотына барлық қаражат толық аударылды.

Сонымен қатар тапсырыс беруші жасалған жұмыстың сапасын тексермей, қабылдау комиссиясының және нысанның қолданысқа беру актілеріне қол қойған.

Сот үкімімен «Вокзал-сервис» АҚ директоры ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлімі (қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп табылып, оған 800 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

2014 жылы 10 қазанда соттың аталған үкімі заңды күшіне енді. Алайда сотталғанына қарамастан, ол осы уақытқа дейін қызметінен босатылмады.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?