Орал әуежайын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Фотография - Орал әуежайын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Орал қаласының әуежайын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда ұшу-қону жолағы қайта жөндеуден өтті.

379 0

Орал қаласының әуежайын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда ұшу-қону жолағы қайта жөндеуден өтті. 

"Әуежайды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда меншік иесі перрон мен ұшақ тұрақтарын қайта жөндеуден өткізу үшін қаржы бөлу керек. Сонымен қатар, аэровокзалды реконструкциялау, әуе көліктеріне жерде қызмет көрсететін көліктердің паркін жаңарту және аэродром жабындысын тазалау секілді жұмыстар бар" дейді Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мықтыбаев,

Айта кетейік, өткен жылдың күзінде ұшу-қону жолын қайта жөндеуден өткізу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталған болатын. Қараша айынан бастап әуежай жұмысын жандандырды. Қазіргі таңда «Бек Эйр» мен «Эйр Астана» БҚО орталығына тұрақты рейстер жүргізуде. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?