Алматы метрополитені металл іздеуші құрылғылармен жабдықталды

Фотография - Алматы метрополитені металл іздеуші құрылғылармен жабдықталды

Алматы метрополитені металл іздеуші құрылғылармен жабдықталды. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне метрополитеннің баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағамбетова хабарлады.

358 0

Алматы метрополитені металл іздеуші құрылғылармен жабдықталды. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне метрополитеннің баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағамбетова хабарлады.

«Бұл құрылғылар жолаушылардың қауіпсіздігі үшін, халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып орнатылды» - деді баспасөз хатшысы.

Айта кетелік, 2012 жылы Алматы метрополитені 5 млн. жуық жолаушы тасыған болатын. Ал 2013 жылы метроға мінген жолаушылардың саны 6,3 млн. адамға жетті. 2014 жылғы көрсеткіш  - 6,8 млн.  Сондықтан, жолаушылар қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.

Биыл  «Сайран» және «Мәскеу» метростансалары қолданысқа беріледі. Қазір оларда ішкі әрлеу және сынақ жұмыстары жүруде. 

 

 

ҚазАқпарат

 


Тегтер:

Алматы метро

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?