471

Алматыда қалың түскен қарды тазалау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

Алматыда қалалық және аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстары бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан мәлімдеді.
Фотография - Алматыда қалың түскен қарды тазалау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

Алматыда қалалық және аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстары бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан мәлімдеді.

Алматыда 2015 жылдың 21 қаңтарына қараған түні 00 сағат 10 минутта басталған қар, таңғы сағат 05:00-ге дейін жауды. Қала орталығында қардың қалыңдығы 10 см, тау бөктерлерінде 20 см, ал Шымбұлақ аумағында 30 сантиметрді құрады.

Қаланың коммуналдық қызметтері қала көшелеріне барлығы 3098 тонна тұз аралас құм септі. Бұл жұмыстарға 497 техника жұмылдырылды. Олардың 115-і арнайы құм себуші техникалар. Сонымен қатар, 610 адам жұмыс істеді.  

Таңғы сағат 06:00-де қар күреуші арнайы техникалар жол тазалау жұмысына кірісті. Олардың қастарында полицияның патрульдік машиналары жүріп отырды.    

Бүгін күндізгі уақытта қала аумағынан сыртқа қарай қар тасу жұмыстары қолға алынады. Жиналған қар арнайы қар тасталатын жерге жеткізіледі. Қазір қала әкімдігі мен аудандық әкімдіктерде қарды жинау әрі қала сыртына шығару  жұмыстарын жүргізу әрі бақылау бойынша тәлік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Загрузка...