2516

ШҚО сыбайлас жемқорлықпен күреске қоғамдық бақылау институттары жұмылмақ

ШҚО мемлекеттік органдар мен қоғамдық бақылау институттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біріге іс-әрекет етпек.
Фотография - ШҚО сыбайлас жемқорлықпен күреске қоғамдық бақылау институттары жұмылмақ

ШҚО мемлекеттік органдар мен қоғамдық бақылау институттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біріге іс-әрекет етпек. Бұл туралы «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде мәлім болды.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Ғалымбек Досанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің өзектілігін түсіндіре отырып, қоғамның барлық күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті. «Елбасы Н. Назарбаев мәлімдегендей, біз қоғамдық бақылау институттарымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдени қоғамның негізін қалауымыз керек. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш біріктіру үлкен маңызға ие», – деді Департамент басшысы.

Сонымен қатар, жиын барысында мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бағыттары талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған нақты шаралар қабылдау туралы қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік оргындардың басшыларына арналған үндеу қабылданды.

Жиын соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті мен ішкі саясат басқармасы 2014 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында мақалалар жариялап, белсенділік танытқан БАҚ өкілдері марапаттады.

Загрузка...