841

Көлік полицейлері 2014 жылы 190 есірткі қылмысын анықтады (Сурет)

2015 жылғы 21 қаңтарда Көліктегі ІІД бастығы полиция полковнигі А.С. Қажкеновтың төрағалығымен жедел-қызметтің 2014 жылы атқарған жұмыстары бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
Фотография - Көлік полицейлері 2014 жылы 190 есірткі қылмысын анықтады (Сурет)

2015 жылғы 21 қаңтарда Көліктегі ІІД бастығы полиция полковнигі А.С. Қажкеновтың төрағалығымен жедел-қызметтің 2014 жылы атқарған жұмыстары бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» аттыҚазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын ішкі істер органдары қызметкерлерінің негізгі міндеттері талқыланды. Жиынға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаев қатысты.

Мәжілісті Көліктегі ІІД бастығы полиция полковнигі А. Қажкенов ашты. Ахан Сәттібайұлы теміржол және әуе көлік нысандарындағы жедел-қызметтің жағдайын бақылауды қамтамасыз ету бойынша еліміздің Президенті мен ҚР Ішкі істер минстрлігінің тапсырмаларын орындау мақсатында нақты шаралар қолданылып жатқандығын атап өтті. «Жалпы қолданылған шаралардың нәтижесінде 2014 жылы Департаменттің жедел қызмет жағдайы тұрақталып, кримонегенді ахуалды бақылауға күш жұмсалды. Өткен жылы аса ауыр қылмыстардың саны 31,8 пайызға төмендеп, ауырлығы орташа қылмыстарды 20,4 пайызға қысқарттық. Сондай-ақ, алаяқтық 12,9 пайызға, ал бұзақылық 36,4 пайызға азайды. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 82,3 пайызды құрады», -деді еліміздің бас көлік полицейі.

Департаменттің қызмет көрсету аумағының ұзақтығы мен жолаушылардың ұрланған заттарына қатысты фактілер туралы өтініштерін ішкі істер желілік бөлімдеріне кешіктіріп жасауы қылмыстың «ізін суытпай» ашуға мүкіндік бермейді. Сондықтан жолаушылар поездарында полицейлердің ілесіп жүруін 100 пайызға дейін жеткізу үшін нақты шаралар қабылданды.

Көлік полицейлері өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзған 3280 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

2014 жылғы 24 желтоқсанда Департаменттің криминалдық полициясы қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында 7 жылдан бері іздеуде жүрген Алматы қаласының 33-жастағы тұрғынын ұстады.

2007 жылғы 20 желтоқсанда қарашылық шабуыл жасағаны үшін оған қатысты қалмыстық іс қозғалған болатын.

Қазіргі уақытта ұсталған қылмыскер Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өткен жылы Көліктегі ІІД-нің аумақтық бөліністерінің құрылымдық күштерімен бірге 190 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 65 факті өткізуге қатысты. Контрабандалық жолмен есірткі тасымалдаудың 26 фактісі тіркелді. Заңсыз айналымдағы 7 тонна 792 келі есірткі заты тәркіленді, оның 13,8 келісі «героин».

Мәселен,2014 жылғы 24 қыркүйекте Департаменттің Есірткіге қарсы күрес басқармасының арнайы және жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласы мен Ақмола облысының аумағында ұзақ уақыт бойы «героин» және «гашиш» есіркі заттарының заңсыз айналымымен шұғылданып келген қылмыстық топ ұсталды. Арнайы жүргізілген операцияның нәтижесінде олардан 600 грамм «героин» есірткі заты табылды.

Жиын барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты дәстүрлі Жолдауының басым бағыттары талқыланды.

Мәжілісте желілік бөлініс бастықтарының есептері тыңдалды.

Жиынды қорытындылай келе, министрдің орынбасары Е. Тургумбаев басшылыққа Департаменттің қызмет көрсету аумағында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңдылық пен тәртіпті, ҚР ІІМ талаптарын сақтау бойынша тапсырмалар жүктеді.

Жедел кеңестің соңында «Үздік қызмет», «Үздік желілік орган», «Үздік маман» конкурстарының жеңімпаздары марапатталды.

 

Загрузка...