2014 жылғы Алматы қаласының әлеуметтік- экономикалық дамуының қысқаша қорытындысы

Фотография - 2014 жылғы Алматы қаласының әлеуметтік- экономикалық дамуының қысқаша қорытындысы

2014 жылғы қарашада халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 114330 теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қарашаға қарағанда 6,1% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1% азайды.

777 0

ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ

2014 жылғы қарашада халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 114330 теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қарашаға қарағанда 6,1% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1% азайды.

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ

2014 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны халықтың жұмыспен қамтылуын біржолғы зерттеудің 44,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2014 жылғы желтоқсанның соңына 960 адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,1%.

2014 жылғы қарашада қызметкерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 155140 теңгені құрады, 2013 жылғы қарашаға қарағанда 7,8%-ға өсті. Нақты жалақы индексі 2014 жылғы қарашаға 100,6% құрады.

БАҒАЛАР

Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылғы желтоқсанда 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 8%, азық-түлік емес тауарларға – 7,7%, ақылы қызметтерге – 5,2%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2014 жылғы желтоқсанда 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 8,6%-ға өсті.

ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКА

2014 жылғы 9 айға есепті деректер бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағаларда 4742,6 млрд. теңгені құрды. 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ-нің өсуі 10,2% құрды. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 7,6% құрады, қызмет көрсету – 85,6%.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 510728,4 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылға қарағанда 5,3%-ға кеміді.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 104264 бірлікті құрап, 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,3%-ға артты, оның ішінде 50 адамнан кем қызметкерлері бар – 100693 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 49197 құрады, оның ішінде 46190 бірлік – шағын кәсіпорындар.

САУДА

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 1612,9 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 9,3%-ға артты.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемі 7527,0 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 6,1% артты.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 55,3 млрд. теңгені құрады, өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 98%.

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 649,1 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 100% құрады, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 9,8% көбейді, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 3,4%-ға кеміді.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің қызметтерінің көлемі 2565,5 млн. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 7,6%-ға кеміді.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 268185,9 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылға қарағанда 11,7% артық.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 21259,4 млн. ткм құрап, 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,2%-ға өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 34,8 млрд. жкм құрап, 7,6% артты.

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

2014 жылғы IІІ тоқсанда ірі және орта кәсіпорындардың қаржы нәтижесі табыс ретінде 183,9 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2013 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 19,6% артық. Пайдалылық деңгейі 10% құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 39,9% құрады.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?