Алматыда «Асыл алма» жүлдесінің иегерлері марапатталды

Фотография - Алматыда «Асыл алма» жүлдесінің иегерлері марапатталды

Алматыда «Салауатты өмір салтын қалыптастыруға барынша жағдай жасап отырған ең үздік жұмыс беруші» анықталды. Қалада 5 рет өткізіліп отырған «Асыл алма» байқауының жеңімпаздары бүгін марапатталды.

437 0

Алматыда «Салауатты өмір салтын қалыптастыруға барынша жағдай жасап отырған ең үздік жұмыс беруші» анықталды. Қалада 5 рет өткізіліп отырған «Асыл алма» байқауының жеңімпаздары бүгін марапатталды. 

Қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы Гүлсара Сүлейменованың айтуынша, 5 жыл ішінде Алматыдағы 250 кәсіпорын өз бағын сынап көрді.

Биылғы байқауға 57 компания атсалысқан. Олардың 12-сі дараланып, финалға шықты.

«Компания жұмысшыларының денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін» аталымында «АЗМК» ЖШС, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ, «Juldyz kenan Co.,LTD» АҚ, «Алматы ашытқы зауыты» АҚ, «Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін» аталымында «Кселл» АҚ, «Цин-Каз» ЖШС, «Әлеуметтік тұрғыдан маңызды аурулармен күреске қосқан үлесі үшін» аталымында «Tamish textile» ЖШС, «Салауатты өмір сүруге жарқын үлгі болғаны үшін» «ҚазҚұрылыс Әйнек» ЖШС, «Қорғау HR» қоғамдық қоры жеңімпаз атанды.

«Үздіктер негізінен бірнеше талаптармен бағаланды. Кәсіпорын салауатты өмір салтын қалыптастыруға қанша қаржы бөледі? Спорт кешені бар ма? Медициналық орталық бар ма? Спортпен айналысуға арналған алаңқайлармен, бассейндермен жабдықталған ба? Темекі тартпайтын адамдарға қандай басымдық беріледі? Соның барлығы ескерілді. Қаламыздағы 600 кәсіпорынның 250-і аталған байқауда бағын сынап көрді. Оның өзі қанша адамды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда үлкен күш», - деді Орталық директоры Гүлсара Сүлейменова.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?