613

Астанада рухани Мәуліт кеші өтеді

24 қаңтарда сағат 18:00 Астанада Конгресс-холл сарайында «Адамзаттың абзалы» атты Мәуліт рухани кеші өтеді.
Фотография - Астанада рухани Мәуліт кеші өтеді

24 қаңтарда сағат 18:00 Астанада Конгресс-холл сарайында «Адамзаттың абзалы» атты Мәуліт рухани кеші өтеді. 

Кеш барысында жыр-термелер орындалып, сахналық қойылымдар көрсетіледі. Уағыз айтылып, бейнероликтер көрсетіледі. Кештің маңызы мен мәнін арттыратын шарада Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) салауаттар оқылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, кеш билеттерін мешіттерден алуға болады. Жиналған қаржы қайырымдылық мақсаттарда жұмсалады. 

Шараға ЖОО дінтану мамандары, «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері қатысады.

Айта кетейік, Мәуліт – бір айға жалғасатын ислам дініндегі басты мерекелердің бірі. Бұл Мұхамед пайғамбар туған ай деп саналады.

astana.gov.kz

Загрузка...