Қарағандыдағы кәсіпорын 100 тоннаға дейін жүк көтеретін крандар шығарады (ФОТО)

Фотография - Қарағандыдағы кәсіпорын 100 тоннаға дейін жүк көтеретін крандар шығарады (ФОТО)

Қарағандыда «Оптим-кран Қазақстан» ЖШС крандарды шығару бойынша жобаны жүзеге асырады. «Жобамыз аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. Құны - 390 млн. теңге. 150 жұмыс орнын құру қарастырылған. Жоба қуаттылығы - жылына 50 кран дайындау. Бұл көрсеткішке 2017 жылы қол жеткізу көзделген», - деді «Оптим-кран Қазақстан» ЖШС директоры Евгений Лисицын. Кәсіпорын үш жыл бұрын ресейлік «Оптим кран» ААҚ еншілес компаниясы болып ашылған. Қазір мұнда 70 адам жұмыс істейді. «Қазір өндіріс қуаттылығы шамамен жылына 30 кран. Бұл - 1 тоннадан 100 тоннаға дейін жүк көтеретін крандар. Қазіргі уақытта 100 тонна жүк көтеретін кранды «Павлодар-энерго» кәсіпорны үшін шығардық. «Азия Авто» компаниясы 25 тонна жүк көтеретін контейнерлік кранға тапсырыс берген. Оны да орындадық», - деді «Оптим-кран Қазақстан» ЖШС бас инженері Денис Малыкин. Жаңа қондырғы сатып алу үшін кәсіпорын «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының қолдауын пайдаланды. Нәтижесінде немістің плазмалық және қыздырып кесу машинасы сатып алынды. «Мұндай машина Қазақстанда екеу ғана. Бірі бізде болса, екіншісі Атырау облысында», - деп атап өтті Д. Малыкин. Қазір мұнда өндіріс алаңдары қалыпқа келтірілуде. Өздері шығарған 16 тонна жүк көтеретін крандар орнатылған, инфрақұрылым тартылды. Биыл кәсіпорын ішіндегі жөндеу жұмыстарын аяқтап, жаңа техникалық қондырғы орнату жоспарланған.

766 0

Қарағандыда «Оптим-кран Қазақстан» ЖШС крандарды шығару бойынша жобаны жүзеге асырады.

«Жобамыз аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. Құны - 390 млн. теңге. 150 жұмыс орнын құру қарастырылған. Жоба қуаттылығы - жылына 50 кран дайындау. Бұл көрсеткішке 2017 жылы қол жеткізу көзделген», - деді  «Оптим-кран Қазақстан» ЖШС директоры Евгений Лисицын.

Кәсіпорын үш жыл бұрын ресейлік «Оптим кран» ААҚ еншілес компаниясы болып ашылған.  Қазір мұнда 70 адам жұмыс істейді.

«Қазір өндіріс қуаттылығы шамамен жылына 30 кран. Бұл - 1 тоннадан 100 тоннаға дейін жүк көтеретін крандар. Қазіргі уақытта 100 тонна жүк көтеретін кранды «Павлодар-энерго» кәсіпорны үшін шығардық. «Азия Авто» компаниясы 25 тонна жүк көтеретін контейнерлік кранға тапсырыс берген. Оны да орындадық», - деді  «Оптим-кран Қазақстан» ЖШС бас инженері Денис Малыкин.

Жаңа қондырғы сатып алу үшін кәсіпорын «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының қолдауын пайдаланды. Нәтижесінде немістің плазмалық және қыздырып кесу машинасы сатып алынды.  «Мұндай машина Қазақстанда екеу ғана. Бірі бізде болса, екіншісі Атырау облысында», - деп атап өтті Д. Малыкин.

Қазір мұнда өндіріс алаңдары қалыпқа келтірілуде. Өздері шығарған 16 тонна жүк көтеретін крандар орнатылған, инфрақұрылым тартылды.  Биыл кәсіпорын ішіндегі жөндеу жұмыстарын аяқтап, жаңа техникалық қондырғы орнату жоспарланған.  

 

5 4 3 null



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?