759

Қазақстанның басым бөлігін аяз буып тұр

Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғыша антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Фотография - Қазақстанның басым бөлігін аяз буып тұр

Қазақстан аумағының басым бөлігі  бұрынғыша антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Республиканың оңтүстік-шығысында фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жер-жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман болады деп күтілуде. Оңтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында көктайғақ.

Қарағанды, Қызылорда облыстарында түнде қатты аяз болады. Алматы облысының кейбір өңірлерінде, сондай-ақ солтүстікте шыңылтыр аяз күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының жер-жерлерінде де аяз күшейеді деп күтілуде.

ҚазАқпарат 

Загрузка...