Есірткі тасымалдамақ болғандар ұсталды

Фотография - Есірткі тасымалдамақ болғандар ұсталды

Өткен демалыс күндері қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы есірткі өткізбек болғандардың бірнеше дерегін тіркеді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.Өткен демалыс күндері қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы есірткі өткізбек болғандардың бірнеше дерегін тіркеді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

320 0

Өткен демалыс күндері қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы есірткі өткізбек болғандардың бірнеше дерегін тіркеді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Еліміздің шығысындағы «Ауыл-авто» шекаралық бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары «Өскемен-Новосибирск» бағытында келе жатқан «КИА-Гранбирд" жолаушылар автобусын тексеру кезінде Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.

Жас 25 шамасындағы отандасымыздың «джинси» шалбарының қалтасынан екі құтыға салынған психотропты есірткілік зат – тарен табылды.

Шекара қызметінің «Солтүстік» өңірлік басқармасына қарасты "Шемонаиха - теміржол" бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары "Риддер -Астана" бағытында келе жатқан жолаушылар поезын тексеру кезінде 27 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.

«Лора» есімді қызметтік иттің көмегімен №8 вагонды қарау кезінде бір купенің жоғарғы сөресіндегі спорттық бас киімнің ішіне жасырылған салмағы 90 грамм болатын есірткілік зат «марихуана» табылды.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

 

 

 


Тегтер:

есірткі ҰҚК

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?