Қызылорда облысындағы Қожакент ауылында 90 орындық балабақша ашылды

Фотография - Қызылорда облысындағы Қожакент ауылында 90 орындық балабақша ашылды

Жаңақорған ауданы Қожакент ауылдық округінде 90 орындық балабақша ашылды. Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың ашылу салтанатына облыс әкімі қатысты

1779 0

Жаңақорған ауданы Қожакент ауылдық округінде 90 орындық балабақша ашылды. Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың ашылу салтанатына облыс әкімі қатысты, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Балабақша барлық талаптарға сай жасақталған. Жаңа нысанның бой көтеруімен ауылда балабақша мәселесі толықтай шешімін тапты. Ауыл тұрғындары бүлдіршіндерінің талапқа сай ғимаратта, тәрбиеленетініне дән риза.

Айта кетейік, Жаңақорған ауданының орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Нұрлы сенім» жеке меншік балабақшасы жұмыс жасайды. Балабақша аудан көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі балаларды сауықтырып және әр баланың жағдайына қарай білім беріп, қоғамда өз орындарын қалауына үлес қосып келеді.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев Елбасымыздың бүлдіршіндерді балабақшамен толық қамту қажеттігін межелі міндет ретінде тапсырғанына тоқталды. Балабақшалар тек бюджеттен бөлінген қаржыға салынып жатқан жоқ. Кәсіпорындар, шағын және орта бизнес нысандары да балабақша ашуға өз үлестерін қосып отыр. Яғни, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі енгізілген. Соның арқасында бүгінде өңірде жекеменшік балабақшалар саны артып келеді.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?