518

Алматыда метро маршрутына арналған жадынама карта тегін таратылды

«Метрополитен» КМК жолаушыларға арнап тегін ықшам карта дайындады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
Фотография - Алматыда метро маршрутына арналған жадынама карта тегін таратылды

«Метрополитен» КМК жолаушыларға арнап тегін ықшам карта дайындады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады. 

Картада метро желісінің маршруты, бекеттері және метроға жақын орналасқан Алматы қаласының басты, көрікті жерлері көрсетілген.

«Сондай-ақ, метрополитен бекеттерінің жанында орналасқан аялдамаға дейін тасымалдайтын автобустардың, трамвайлардың және троллейбустардың маршрут нөмірлері көрсетілген. Карта пішіні өте ыңғайлы жасалған, оны қалтада немесе сөмкеде алып жүруге болады», делінген хабарламада.

Карта Алматы қаласы тұрғындарының және қонақтарының бағдарлауын жеңілдету үшін шығарылған. Карталарды метрополитен кассаларынан тегін алуға болады.

 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...