Шымкентте жаңа екі мектеп пайдалануға берілді

Фотография - Шымкентте жаңа екі мектеп пайдалануға берілді

Шымкентте бір күнде екі бірдей су жаңа мектеп пайдалануға берілді деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

414 0

Шымкентте бір күнде екі бірдей су жаңа мектеп пайдалануға берілді деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Оқу нысандарының бірі қала іргесіндегі Құрсай елдімекенінде ашылды. 900 орындық мектеп заман талабына сай, қажетті қондырғылардың барлығымен жабдықталған. Мұнда арнайы лингафон, мультимедия кабинеттері, 300 орындық асхана, 2 спорт зал мен медициналық- процедуралық кабинеттер бар. Соңғы үлгідегі металл, ағаш өңдеуге арналған құрылғылар мен тігін машиналары да орнатылған. Енді бұл білім ордасында 1622 оқушы тәлім алатын болады.

Ал, екінші мектеп 300 орынға шақталып салынған. Жаңа ғимараттың лентасы қиылған сәттен бастап мұнда оқушылар білім алуға кірісіп кетті. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?