938

Cот төрелігін жүзеге асыру және жүйесі жұмысының 2014 жылғы қорытындыларына арналған брифинг өтті (ФОТО)

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде сот төрелігін жүзеге асыру және жүйесі жұмысының 2014 жылғы қорытындыларына арналған брифинг өтті.
Фотография - Cот төрелігін жүзеге асыру және жүйесі жұмысының 2014 жылғы қорытындыларына арналған брифинг өтті (ФОТО)

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде сот төрелігін жүзеге асыру және жүйесі жұмысының 2014 жылғы қорытындыларына арналған брифинг өтті, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы Сотының Баспасөз қызметі.

Іс-шараға спикерлер ретінде Жоғарғы Сот судьялары Моряк Шегенов, Нұржан Қайыпжан және Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов қатысты.

М.Шегенов 2014 жылғы соттар қызметіне жүргізілген талдау сот төрелігін жүзеге асыру сапасының жақсарғанын көрсетті. Соттарға 1,2 миллионнан астам өтініш пен іс (8,7%-ға өсім) түскен. Осы ретте шығарылған сот актілерінің 98,7 % заңды әрі негізді болып табылады. Өткен жылы азаматтардың судьялар қызметіне шағымдарының саны 5%-ға азайды.

Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің сегіз бағытынан тұратын кешенді шаралар қабылданды. Олардың қатарында соттар жұмысының ашықтығын арттыру, инновациялық технологияларды енгізу, судьяларды іріктеу жұмысын күшейту, әлеуметтанулық зерттеуді тұрақты жүргізу және т.б. бар. 2015 жылдан бастап республика соттары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағытталған жаңа қылмыстық заңнама шеңберінде жұмыс істейтіндігі айтылды.

Өз сөзінде Н.Қайыпжан 2014 жылы сот төрелігі жүйесін дамыту жұмысы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, дауларды сотқа дейінгі реттеу тәжірибесін жақсартуға, заңнаманы жаңғыртуға, соттан тыс тетіктерді қолдануды кеңейтуға бағытталғанын атап өтті.

Өткен жылы республикадағы аудандық және оған теңестірілген соттарға 1 177 133 азаматтық және әкімшілік істер мен өтініштер келіп түскен. Бұл 2013 жылға қарағанда 8,6%-ға артық. Статистика 2013 жылмен салыстырғанда, медиатордың қатысуымен қаралатын азаматтық істер санының 4 есеге артқандығын көрсетті.

Жоғарғы Сот жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексін (АІЖК) әзірлеп, Парламент Мәжілісіне енгізді. АІЖК-ның жаңа жобасы күрделі емес санаттағы істер бойынша бұйрық арқылы іс жүргізуді қолдану салаларын кеңейтуді, сондай-ақ істердің жекелеген санаттары бойынша сот ісін жүргізудің жеңілдетілген тәртібін енгізуді көздейді. Жаңа АІЖК 2016 жылдан бастап қолданысқа енеді деп көзделуде.

І.Испанов сот жүйесіне электронды сот ісін жүргізуді енгізу туралы айтты. Ол сот құжаттарына қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, сот процестерін аудио- және бейнетіркеу жүйесі, гибридті электронды почта, СМС және электронды хабарламалар тарату секілді жобаларға кеңінен тоқталды.

Мәселен, өткен жылдың ішінде ғана сот процесіне қатысушыларға 3 миллионнан астам СМС пен электронды хабарламалар жіберілген. Аталған жаңашылдық тапсырысты телеграммаларды қолдануды айтарлықтай азайтуға және бюджет қаржысын барынша үнемдеуге (шамамен 128 млн. теңге) мүмкіндік берді.

Брифинг барысында спикерлер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қатысушылар:

 

Ф.И.О.

Должность

1

Моряк СмағұлұлыШЕГЕНОВ /

Моряк СмагуловичШЕГЕНОВ

(*отвечает на вопросы на двух языках)

ҚР Жоғарғы Соттың судьясы /

 

Судья Верховного Суда РК

 

2

Нұржан Үсіпханұлы

КАЙПЖАН

Нуржан Усипханович

КаЙЫПЖАН

(*отвечает на вопросы на двух языках)

ҚР Жоғарғы Соттың судьясы /

 

Судья Верховного Суда РК

 

3

Ілияс Сапарбекұлы Испанов /

Испанов Ильяс Сапарбекович

(*отвечает на вопросы только на двух языках)

 

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы

 

Руководитель Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан

 

 

Загрузка...