Академик Ш.Айталиевтің 80 жылдық мерей тойы аталып өтілді (фото)

Фотография - Академик Ш.Айталиевтің 80 жылдық мерей тойы аталып өтілді (фото)

Бүгін белгілі ғалым, ҚР ҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Шмидт Айталиевтің туғанына 80 жыл толып отыр.

577 0

Бүгін белгілі ғалым, ҚР ҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Шмидт Айталиевтің туғанына 80 жыл толып отыр.

Осыған орай ғалымның туған жері Жәнібек ауданында мерейтойлық шаралар ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінде «Ғылым жолындағы ғұмыр» атты еске алу кешінде аудан әкімі Мұрат Мұқаев баяндама жасап, Ш.Айталиевтың еліміздің ғылымы мен техникасының дамып, өркендеуіне қосқан зор үлесін, өшпес мұрасын кеңінен сөз етті. Танымдық кеште сондай-ақ ғалымның жақын туысы Нұрсұлтан Құрманғали Шмидт Мұсаұлының ғылымдағы еңбегі, алған асулары мен жетістіктері хақында баян етсе, еңбек ардагерлері Ерсайын Махлиев, Бекет Әліпқалиев, Мертен Кенжеғалиев оның шығармашылықпен айналысып, күй шығарып, өлең жазғанын да тілге тиек етті, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мереке Қайдаров естелігімен бөлісті.

Осындай шара Ш.Айталиев білім алған Т.Жароков атындағы мектепте де өтіп, оған қатысушылар академикке арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Қабаш Жүнісов, Дина Сапашева сынды ардагер ұстаздар сөз алып, мектеп оқушылары салтанатты түрде «Жас ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды.

Айта кетейік, Ш.Айталиев 1935 жылғы 28 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Мұса сол кезде атағы дүркіреп тұрған Арктика зерттеушісі, математик және астроном, КСРО ҒА академигі Отто Шмидттей болсын деп есімін Шмидт қояды. Кейін әке арманы орындалды. Жәнібекте мектеп бітірген Шмидт Мұсаұлы ҚазМУ-ды тәмамдағаннан кейін ғылымдағы жолын Орал педагогикалық институтында бастады. Кейін  Алматыға ауысып, әуелі кандидаттық, кейін докторлық диссертациясын қорғады. Қазақстан ҒА математика және механика институты, сейсмология институты, механика және машинатану институтының ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, кейін Атырауда ҚР ҒА Батыс бөлімшесін құрып, оның академик-хатшысы қызметін атқарды. Тау жыныстары механикасын зерттеп, жерасты бекітпелерінің жаңа құрылымдарын есептеу әдістерін жасаған ол, әсіресе, 9-10 балдық жағдайдағы болашақ Алматы метросының сейсмикалық орнықтылығын анықтап, ғылыми негіздеді.

Оралдағы көшелердің біріне академик Ш.Айталиевтің есімі берілген.

2 

3 

4

ҚазАқпарат 


Тегтер:

БҚО академик

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?