Көлік полицейлері қымбат ұялы телефон ұрлаған 27 жастағы астаналық тұрғынды ұстады

Фотография - Көлік полицейлері қымбат ұялы телефон ұрлаған 27 жастағы астаналық тұрғынды ұстады

Көліктегі ІДД-нің қызмет көрсету аумағында орын алатын қылмыстардың басым бөлігін, яғни 60 пайызын бөттеннің мүлкін ұрлау фактілері құрайды, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

506 0

Көліктегі ІДД-нің қызмет көрсету аумағында орын алатын қылмыстардың басым бөлігін, яғни 60 пайызын бөттеннің мүлкін ұрлау фактілері құрайды, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Қылмыстың бұл түрінің деңгейінің жоғары болуы тұрғындар арасында ұялы телефон ұрлығының өсуімен тікелей байланысты. 2014 жылы Көліктегі ІІД-не ұялы телефон ұрлығына қатысты 570 факті тіркелген (36,8%).

Мәселен, ағымдағы жылдың 27 қаңтары күні түнгі сағат 00.20-да Астана станциясындағы Ішкі істер желілік бөліміне 43 жастағы Астана тұрғыны хабарласып, Астана қаласының темір жол вокзалының кіреберісінде қымбат ұялы телефонының жоғалғаны туралы шағымданған.

Жедел-іздестіру шарасы барысында 27 жастағы Астана тұрғыны ұсталды.

Айғақ зат табылып, алынды. Қазіргі уақытта оның үстінен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөліміне сәйкес (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Талдау нәтижелері көлік нысандарында жасалатын ұялы телефон ұрлығы көбінесе жолаушылар поездарында, темір жол вокзалдарында орын алатындығын көрсетеді.

Департаменттің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дәулет Мақсұтовтың айтуынша, ұрлық азаматтардың телефондарын вагон коридорларында, купеде қуат көзіне қойып қараусыз қалдырып кетулерінен немесе вагоннан шығар алдында ұмытып кету салдарынан, бір сөзбен айтқанда азаматтардың өздерінің немқұрайлығынан болады.

Сондай-ақ, ол Департаменттің қызмет көрсету аумағының ұзақтығы мен жолаушылардың ұрланған заттарына қатысты фактілер туралы өтініштерін ішкі істер желілік бөлімдеріне кешіктіріп жасауы көлік полицейлерінің қылмысқа дер кезінде ден қойып, олардың «ізін суытпай» ашылуына мүкіндік бермейтіндігіне де тоқталды.

Аталған келеңсіздіктердің болдырмау үшін көлік полицейлері азаматтардың темір жол көлігі нысандары мен жолаушылар поездарында өз мүліктеріне мұқият болып, саналылық танытуларын сұрайды.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?