630

ҚР Жоғарғы сотының судьясы М. Үсеновке қатысты түсініктеме берді

ҚР Жоғарғы сотының судьясы Моряк Шегенов өткен жылы Мақсат Үсеновтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша қоғамда резонанс туғызған іске қатысты түсініктеме берді.
Фотография - ҚР Жоғарғы сотының судьясы М. Үсеновке қатысты түсініктеме берді

ҚР Жоғарғы сотының судьясы Моряк Шегенов өткен жылы Мақсат Үсеновтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша қоғамда резонанс туғызған іске қатысты түсініктеме берді. 

Естеріңізде болса, 2013 жылы 1 желтоқсан күні М.Үсенов BMW-Х6 маркалы көлігімен жол жиегінде тұрған 6 жүргіншіні қағып кетті. Олардың біреуі оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы болған жерде жүргізуші ізін суытқанымен көп ұзамай ұсталған болатын.

«Бұл істі тергеу барысында ол жәбірленуші тараппен татуласты. Татуласып, бітімгершілікке келу дегеніміз не? Бұның алдында заңда бітімгершілікке келуге жол берілген, себебі ол орта дәрежелі қылмысқа жатқызылады. Сонымен бірге қылмыс абайсыз жасалды. Мен халықтың айтып жатқан пікірін түсінемін. Алайда, бүгінде, яғни 1 қаңтардан бастап, біз жаңа Қылмыстық Кодекс бойынша жұмыс істеп жатырмыз және онда бұл абайсыз жасалған қылмыс санатына жатқызылса да, тараптардың татуласуы қарастырылмаған. Атап айтқанда, татуласу деген қазір жоқ», деді М. Шегенов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сауалына жауап беру кезінде. 
«Бұл іс сотқа дейін жеткен жоқ. Іс жүзінде сот оны қарастырған жоқ. Сондықтан да тараптардың татуласуы болғаннан кейін сот қамауда ұстау қаулысының күшін жойды және осындай іс-қимыл жасауға мәжбүр болды. Яғни, заңды негізде осындай қадамға баруға міндетті болды»,-деп түсіндірді судья. 

Осы орайда М. Шегенов аталған жол-көлік оқиғасы бойынша М. Үсеновке қатысты әкімшілік өндіріс аясында ең қатал шаралар қолданылғанын атап өтті. 

«Үсенов үш мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған әкімшілік жазаға тарту тұрғысында ең қатал жазаны тағайындады»,-деді ол. 

Загрузка...