Петропавлда 2015 жылы 210 жас отбасы қоныс тойын тойлайды

Фотография - Петропавлда 2015 жылы 210 жас отбасы қоныс тойын тойлайды

Петропавлда жыл аяғына дейін «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша 210 пәтерлік 4 үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы тұрғындармен есепті кездесуі барысында Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағамбетов хабарлады.

629 0

Петропавлда жыл аяғына дейін «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша 210 пәтерлік 4 үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы тұрғындармен есепті кездесуі барысында Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағамбетов хабарлады.

«Әкімдік ерекше жауапкершілікпен қарайтын мәселенің бірі тұрғын үй жағдайын шешу.  Бүгінде  тұрғын үй кезегінде 10116 адам, жер учаскесін алуға 5828 адам тұр. «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын іске асыру аясында 2014 жылы   петропавлдық 228 тұрғын қоныс тойын тойлайды», - деді М. Тасмағамбетов.

Тұрғын үй құрылысы бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. 2015 жылғы бірінші тоқсанда «Тұрғын үй құрылыс жинақ» жүйесі бойынша екі үйден 93 пәтердің 45-і пайдалануға беріледі. Келесі екі нысандағы 90 пәтердің 55-і осы жылы аяқталады деп күтілуде.

 «Осы жүйеге «Жас отбасы» бағдарламасы қосылған. 2014 жылы 84 пәтерлік 4 үй тапсырылған. 210 пәтерлік 4 нысан 2015 жылдың аяғында пайдалануға енгізіледі деп жоспарлануда. Әлеуметтік қорғалған санаттағы азаматтар мен бюджет саласындағы мамандарға арналған жалдамалы пәтер құрылысы бойынша өткен жылы 114 пәтерлік 2 үй тапсырылған», - деп қосты әкім.

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?