778

Жидебайда жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үй ашылады

Қазақтың Абайы дүниеге келген Жидебай ауылында туристерге арналып, жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үй мен кафе ашылады.
Фотография - Жидебайда жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үй ашылады

Қазақтың Абайы дүниеге келген Жидебай ауылында туристерге арналып, жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үй мен кафе ашылады. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың Абай ауданына барған жұмыс сапары барысында мәлім болды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Биыл аталып өткелі отырған Хакімнің 170 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай ауданындағы Жидебай ауылы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі туристердің көптеп келетін орынына айналғалы отыр. Осы орайда, ауданда әлеуметтік нысандарды көріктендіру, ауданды абаттандыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылмақ. Абай мұражай-үйінің жанындағы құрылысы аяқталмаған нысанмен танысқан аймақ басшысы мемлекет тарапынан құрылыс жұмыстарын аяқтауға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Жауапты мердігердің айтуынша, құрылыс жұмыстарына 16 млн. теңге жетіспейді.

– Жазғы уақытта туристердің киіз үйде отырып демалуға мүмкіндігі мол. Бұл нысанды қысқы уақытта да демалушылар келетіндей етіп салған жөн. Ауылға жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үй мен кафе ашылса туристер Ұлы Хакімнің туған жеріне жыл бойы келіп демала алады. Нысанның құрылысына қажетті қаражат бөлінетін болады», – деді облыс басшысы.

 

Загрузка...