ШҚО шетелдік сүт өнімдері нарықтан ығыстырылмақ

Фотография - ШҚО шетелдік сүт өнімдері нарықтан ығыстырылмақ

Жұмыс сапарымен Бородулиха ауданында болып, жергілікті шаруа қожалықтардың тыныс-тіршілігімен танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов жауапты өкілдерге облыстағы әлеуметтік мекемелерді аудан комбинаттарында өндірілетін сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін жолға қоюды тапсырды.

956 0

         Жұмыс сапарымен Бородулиха ауданында болып, жергілікті шаруа қожалықтардың тыныс-тіршілігімен танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов жауапты өкілдерге облыстағы әлеуметтік мекемелерді аудан комбинаттарында өндірілетін сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін жолға қоюды тапсырды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

        Аймақ басшысы облыс бойынша бүгінгі күні әлеуетті саналатын «Новая заря», «Лазарев және К», «Е. Зәйтенов» шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. «Новая заря» шаруа қожалығының иесі Ахмет Матаев кездесу барысында Семей қаласында қуаттылығы тәулігіне 50 тоннаға жететін сүт өнімдерін қайтара өңдеу комбинатын тұрғызу жоспарымен бөлісті. Сүтті бағыттағы симменталь сиырлары Германиядан әкелінбек. Осы орайда, аймақ басшысы асыл тұқымды сиырларды Еуропадан әкелуде  жітілікті назарға алуды айтып өтті. «Германияға сиырларды алуға барғанда міндетті түрде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан немесе жауапты орындардан кәсібін жетік білетін сала мамандары бірге барғаны дұрыс. Бізге қажетті ірі-қараларды іріктеліп таңдалмаса, ол жақтағылар басқасын тиеп жіберуі мүмкін», – деп ескертті Д. Ахметов.

        Облыс әкімі сонымен қатар, шетелдік азық-түліктердің орнына отандық өнімдерінің таралуының маңыздылығын атап өтті. «Біздің облыста қазіргі уақытта білім және денсаулық сақтау салалары жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге сапасы белгісіз сүт сатып алып отыр. Бұдан былай ондайға жол берілмейді. Ендігі кезекте әлеуметтік мекемелер сүт пен сүт өнімдерін өңіріміздегі арнайы сүт зауыттырынан сатып алатын болады. Бұл екі жаққа да тиімді», – деді Д. Ахметов.

        Бұған қоса аймақ басшысы өзінің орынбасары Дүйсенғазы Мусинге сүт қабылдау бекеттерінде орналасатын инженерлік жүйелермен қамтылған, Ресейде шығарылатын модульдік ғимараттардың қондырғыларын Өскемендегі «Үлбі металлургиялық зауытында» шығару мәселесін, сол секілді сүт тасушы жүк көліктерін сырттан сатып алмау үшін Семейдегі «СемАЗ» кәсіпорнында жабдықталған көліктерді құрастыру қажеттігін қарастыруды тапсырды.

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?