Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеу мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті

Фотография - Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеу мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті

Бүгін, 29 қаңтарда Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге 100 күн қалғанда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің төрағалығымен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеу мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті.

703 0

Бүгін, 29 қаңтарда Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге 100 күн қалғанда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің төрағалығымен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеу мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті.

Бірқатар министрліктер мен мекемелердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ, өңірлердегі партия филиалдарының басшыларының қатысуымен өткен кеңесте ХХ ғасырдың ең маңызды күніне арналған, «Нұр Отан» партиясының іс-шаралары хабарланды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында Ұлы Жеңістің 70 жылдығын салтанатты мерекелеудің маңыздылығын атап өткен болатын.

Ардагерлермен жұмыс, аға ұрпаққа қамқорлықпен қарау және жастарды патриоттық тәрбиеге баулу – «Нұр Отан» жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Партияның Сайлауалды тұғырнамасының бірқатар көрсеткіштері осыған бағытталған, сондай-ақ, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы жүзеге асырылуда.

Өз баяндамасында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек: «Түптеп келгенде, атқарылар жұмыстың мәні – тағзымды тәлімге ұластырып, Елбасы саясатының, Тәуелсіздіктің арқасында соғыс көрмеген бақытты ұрпақты елдегі бейбіт өмірді, келісім мен бірлікті көздің қарашығындай сақтауға, елінің амандығы мен мемлекетінің тәуелсіздігі үшін сапқа тұруға қашанда даяр болуға тәрбиелеу» деп атап айтты.

2014 жылы «Нұр Отан» 531 Совет Одағының Батыры мен 124 Даңқ орденінің толық кавелерлері бойынша мәліметтерді қалпына келтірді.

Ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орайластырған бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлауда.

​ Ұлы Жеңіске 100 күн қалғанда 2015 жылдың 29 қаңтарынан «Астана» телеарнасында майдангер қазақстандық-қаһармандар туралы «Қазақстандық қаһармандар» атты 100 бейнероликті көрсету басталады.

​ Қазақстандық –Совет Одағының Батырларына арналған, қазақ және орыс тілінде 70 фильм түсіруге қатысты жұмыс жүріп жатыр. Фильмдер Жеңіс Күніне орай көрсетіледі

​ Жеңіс Күні қарсаңында қаһарман-қазақстандықтар тақырыбына арналғанKAHARMAN.KZ сайты іске қосыладыСайтта мұрағаттық құжаттардың көшірмелері, қазақстандық батырлар туралы ақпараттар, соғыс жылдарының жылнамасы, фотогалерея, бейнероликтер, ардагерлер туралы мақалалар т.б. жарияланады.

​ Жеңіс Күніне орай «Қазақстандықтар Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында: 100 жаңа дерек» жобасы іске қосылады.

​ Отан қорғаушылар күніне орай қазақстандық – Совет Одағының Батырлары, Даңқ орденінің толық кавалерлері мен Халық Қаһармандары туралы кітаптыңтаныстырылымы болады. Соңғы рет осындай сипаттағы жинақ 1968-1968 жылдары жарық көрген.

Бүгінгі күні 850 мың мүшесі мен 5600 бастауыш партия ұйымдарын біріктіріп отырған «Нұр Отан» партиясының әр ардагерге немесе тыл еңбеккеріне тиімді нақты қолдау көрсете алатын әлеуеті бар. 2014 жылы партияның қоғамдық қабылдауларына 505 соғыс ардагері өтініш білдірді.

2014 жылы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының шеңберінде 5 427 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмір сүру жағдайын зерттеу нәтижесінде 10,8 мың өзекті мәселелер анықталды. Олардың ішінде: 24,5 % – тұрғын үй мәселесі; 56,2 % - денсаулықа қатысты мәселелер;  19,2% - тұрмыстық мәселелер.

 

Ардагерлердің қажеттілігі төмендегідей болып отыр:

 

​ 21,4% (1 163 адам) – тұрғын-үйіне жеңіл-желпі жөндеуді сұрайды;

​ 11,7 % (634 адам.) – тұрғын-үй көлемін ұлғайтуды өтінеді;

​ 8,7% (472 адам) – тұрғын үйлеріне күрделі жөндеуді сұрайды;

​ 4,6 % (248 адам.) – тұрғын-үй беруін өтінеді;

​ 1,4% (77 адам) - мембағдарлама бойынша тұрғын-үй алу кезегінде тұр;

​ 1,2 % (67 адам) – қауіпті жағдайдағы пәтерлерінде өмір сүруде.

 

Одан бөлек, өтініштердің көбісі әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету мәселесіне байланысты болып отыр. Ардагерлердің осыған орай қажеттілігі төмендегідей болды:

​ 34,4 % (1867 адам.) – дәрі-дәрмекті;

​ 19,8% (1 074 адам) – әлеуметтік-медициналық қызметті;

​ 17,3 % (940 адам) – шипажайда емделуді

​ 15,4 % (836 адам) – стационарлық емдеуді;

​ 12,1 % (658 адам) – еріктілердің көмегін;

​ 11,3 % (615 адам) – медициналық құралдарды (тыңдау аппараттары, глюкометрлар, арбалар, протездер);

​ 10,8% (586 адам) – бірінші кезектегі қажет керек-жарақтарды;

​ 8,3 % (449 адам) – диагностикалық тексерілуді;

​ 7% (380 адам) – коммуналдық қызметтер төлемін шешуді;

​ 3,1% (167 адам) – «шақыру кнопкаларын»;

​ 3,1% (167 адам) – жасанды тіс салуды;

​ 0,3 % (15 адам) – интернат-үйлерге орналасуды;

​ 8,3% (453 адам ) тұрмыстық керек-жарақтарды қажет етеді.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?