Алакөл жағасынан жаралы аққу тауып алған Алматы облысының тұрғыны оны зообаққа өткізді (ФОТО)

Фотография - Алакөл жағасынан жаралы аққу тауып алған Алматы облысының тұрғыны оны зообаққа өткізді (ФОТО)

Алматы облысының тұрғыны А.Мұқашев Алматы зообағына жаралы аққуды әкеп өткізді. Азамат оны Алакөл жағасынан тауып алған екен. Бұл ақпаратты Зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов айтты.

2767 0

Алматы облысының тұрғыны А.Мұқашев Алматы зообағына жаралы аққуды әкеп өткізді. Азамат оны Алакөл жағасынан тауып алған екен. Бұл ақпаратты Зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов айтты. 

Мамандардың айтуынша, сұңқылдақ аққу өткен жылы күзде ұлы көшке ілесуі тиіс болған. Алайда, жолдан аңшылардың оғынан жараланып, қалып қойған. Оқ құстың қанаты мен сол аяғын зақымдаған.

«Қалайша жаралы аққу осы 3 ай ішінде Алакөл жағасында өмір сүрді? Қалай азығын тауып жеді? Ол бір құдайға аян», - деді М.Сорокоумов.

Қазір құс ветеринарлардың жіті назарында. Жарақатынан ширап келеді.

«Қолымыздан келгенін жасап жатырмыз. Бірақ, әлі де адамдарды өзіне жақындатпайды. Үркіп қалған сияқты», - деді құстар секциясының меңгерушісі Назгүл Елдеева.

Оның айтуынша, бүгінде зообақта 20 сұңқылдақ аққу бар. Енді олардың саны біреуге артты. Тұқымдастары оны қалай қабылдайтыны әзірге белгісіз. 

5 4 3 2 

ҚазАқпарат 


Тегтер:

аққу Зообақ

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?