700

Қазгидромет: Каспийге мұз қатты (ФОТО)

Облыс орталығында бірнеше күн бойы күн суық болғандықтан, Каспий жағалауы біртіндеп қатып жатыр.
Фотография - Қазгидромет: Каспийге мұз қатты (ФОТО)

Облыс орталығында бірнеше күн бойы күн суық болғандықтан, Каспий жағалауы біртіндеп қатып жатыр.

Осылайша, 4-шағын ауданның оңтүстігінен «Нұр-Плаза» жағажайына дейін үлкен мұздың шеті қалыптасты. Бұл туралы метеорологиялық қызметтің мамандары хабарлады.

«2015 жылы 29 қаңтарда Ақтау қаласында  Каспийде мұздың шеті қалыптасты. Оның қалыңдығы 80-90 метр. Бұл мұз қалыптасуының алғашқы формасы. «Нұр-Плаза» жағажайынан оңтүстікке қарай біртіндеп мұз қалыңдығы 1-5 метрге дейін жұқарып, кейін толық жойылады», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК Маңғыстау филиалының  инженер-гидрологы Нұрлан Сәрсенбаев.

Азаматтардың, әсіресе балалардың мұзға түсіп кетпеуі үшін құтқарушылар рейд ұйымдастырып тұрады.  



5 4 3 2 1 

ҚазАқпарат 

Загрузка...