БҚО сотында ақтау үкімдері 21,4 пайызға көбейіп отыр

Фотография - БҚО сотында ақтау үкімдері 21,4 пайызға көбейіп отыр

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы сот өндірісіне 2071 тұлғаға қатысты 1764 қылмыстық іс түсіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда, сотта ісі қаралғандар саны 7,5, істер 9,7 пайызға артқан. Соның ішінде 1729 қылмыстық іс қаралып, 866 іс бойынша үкім шығарылған.

424 0

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы сот өндірісіне 2071 тұлғаға қатысты 1764 қылмыстық іс түсіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда, сотта ісі қаралғандар саны 7,5, істер 9,7 пайызға артқан. Соның ішінде 1729 қылмыстық іс қаралып, 866 іс бойынша үкім шығарылған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында БҚО сотының төрағасы Бек Әметов мәлім етті. 

Сот төрағасы өз сөзінде халықтың соттарға сенімі артып келе жатқандығын, оны жуырда Елбасының қабылдауында болған Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің айрықша атап көрсеткендігіне тоқталды.

Б.Әметұлының айтуынша, алқабилердің қатысуымен 10 тұлғаға қатысты 7 қылмыстық іс қаралып, алдыңғы жылмен салыстырғанда, тұлғалар 41 пайызға, істер 36,3 пайызға азайды.

Қылмыстық істер бойынша 1063 тұлғаға қатысты айыптау үкімі, 28 адамға қатысты ақтау үкімі шығарылып, 411 адам бас бостандығынан айырылған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, ақтау үкімдерінің 21,4 пайызға көбейгендігін, бас бостандығынан айырылғандардың тұлғаларға шаққанда 12,9 пайызға азайғандығын көрсетеді.

Кәмелет жасқа толмаған 41 жасөпірім сотталып, олардың ішінде 9 жеткіншек бас бостандығынан айырылған. Сөйтіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда, сотталған жасөспірімдер 39,7 пайызға, бас бостандығынан айырылған жеткіншектер 35,7 пайызға азайып отыр.

Өткен жылы облыс соттарының өндірісіне 31564 арыз бен 389 азаматтық іс түсіп, 28036 іс қаралып біткен. Бұл түскен арыздар мен өндірісі аяқталған істердің саны арта түскендігін байқатады. 4632 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көбейді. Сот бұйрығы тәртібімен қаралған істер саны негізінен салық комитетінің жеке тұлғалардан автокөлік құралдары үшін салық төлемдерін өндіру туралы арыздары есебінен артып отырғандығын көрсетті.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда, сырттай шығарылған шешімдер саны азайған.

Сот медиациясы дамып келеді. 2013 жылы соттарда медиаторлардың қатысуымен бар болғаны 69 іс қаралса, өткен жылы оның саны 262-ге жетті. Сот медиациясы тәртібімен бұрын бірде-бір іс қаралмаған болса, 2014 жылы медиаторлардың қатысуымен 627 іс қаралған. Оның ішінде Орал қалалық №2 соты 555 іс қарап, бұл соттағы аяқталған істердің 3,2 пайызын құрап отыр. Апелляциялық сатыда 9 азаматтық іс медиатордың қатысуымен қаралды. Сот медиациясы қылмыстық істер бойынша да қолданылуда. Алайда облыс соттарында әлі де болса медиация заңын қолдану жұмыстары жетілдіре түсуді қажет етеді.
2014 жылы облыс соттарына 20375 әкімшілік іс түсіп, адыңғы жылмен салыстырғанда, 0,6 пайызға көбейді.

Жалпы алғанда, облыс соттарына түскен істердің көбеюі сот жүктемелерінен де көрінеді. Азаматтық істерді қарауда негізгі жүктеме бұрынғыдай Орал қалалық №2 сотының еншісіне тиеді. Мұнда есепті мерзімде 17 066 іс қаралып, облыс бойынша барлық қаралып біткен істердің 61 пайызын құрап отыр. Ал БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 4513 іс қаралып, облыстық көрсеткіштің 17 пайызын қамтыды. Сөйтіп облыс соттарында барлық қараған істер санының 78 пайызы аталған екі соттың үлесіне тиіп отыр.
Өткен жылы апелляциялық сатыда қарауға 1726 іс және материал түсіп, 1696 іс қаралып біткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, қаралып біткен істер 15 пайызға көбейгенін көрсетеді.
Апелляциялық сатыда қаралып біткен 1245 істің 1102-сі заңды және негізді болып танылды. Яғни, шағымдалған шешімдердің 88,5 пайызы өзгеріссіз қалдырылды. Сөйтіп, өткен жылы азаматтық істерді қарау сапасы жақсара түсті.

2 

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?