484

Астана маңындағы азық-түлік белдеуін құру аясында 18 жоба жүзеге асты

Ақмола облысында 2014 жылы Астана маңындағы азық-түлік белдеуін құру аясында 18 жоба жүзеге асты
Фотография - Астана маңындағы азық-түлік белдеуін құру аясында 18 жоба жүзеге асты

Ақмола облысында 2014 жылы Астана маңындағы азық-түлік белдеуін құру аясында 18 жоба жүзеге асты, деп хабарлады astana.kz

Ақмола облысында Астананың маңында азық-түлік белдеуін құру аясында 11,8 млрд теңгенің 18 жобасы жүзеге асырылды, делінген strategy2050.kz сайтында жарияланған ақпаратта.

Оның құрамына астық сақтау қоймалары бойынша 9 жоба, құс өсіру - 3, астық өңдеу - 2, ет шаруашылығы - 1, сүт өңдеу - 1, көкөніс сақтау мекемесінің құрылысы бойынша 2 жоба енген.

Азық-түлік өнімдерін Астанаға жеткізуде 128 тауар өндіруші жұмыс істейді. Өткен жылы Астана базарларына 69,3 мың тонна сүт өнімі, 19,6 мың тонна ет өнімі және 230,5 млн дана жұмыртқа жеткізілген болатын.

Загрузка...